Мазмұнға өту
qandastar.

Бұқтырмада туристер мінген қайық аударылды

bahitzhanabzal · · 792 қаралым
Бұқтырмада туристер мінген қайық аударылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында ішінде төрт адам болған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz

Абырой болғанда, оқиға орнына жақын маңда жүрген балықшы мән-жайды байқап қалып, суға құлаған азаматтарды өз қайығына отырғызып, алғашқы көмек көрсеткен.

Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар туристерді катерге ауыстырып, аман-есен жағаға шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp