Мазмұнға өту
qandastar.

«Бұл сырқат сыр бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы

bahitzhanabzal · · 286 қаралым
«Бұл сырқат сыр бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы

Фото: ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың қыз-келіншектеріне арналған үндеу жасады, – деп хабарлайды  qandastar.kz

Оңтүістікте 11 жастан асқан қыздар көп. Аналары, жақындаңыздар! Маңызды ақпарат. АПВ-ВПЧ (вирус папилломы человека) туралы айтамын. Қазір күніне 25-44 жас аралығындағы екі келіншек осы сырқаттан көз жұмады. Рак шейки маткиді ВПЧ-ға мазок тапсыру арқылы анықтайды. Ішіндегі 16, 18 тип өте қауіпті. Бір жаманы, 3 сатыға дейін бұл сырқат сыр бермейді екен
деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистің айтуынша, бұл сырқатты азайтудың жалғыз жолы – екпе (прививка) екен.

Әлемнің 150-ге жуық елдерінде бұл баяғыда міндеттелген прививкалар қатарында. Тіпті рак шейки матки обырын толығымен жеңген елдер де бар. Статистика солай дейді. ВПЧ туралы қорқынышты ақпараттарды естіген сайын барлығын сіздермен бөліскім келеді
деп жазды ол.

Ойын қорытындылай келе журналист Қазақстандағы қыз-келіншектерге үндеу жасады.

Құрметті қыз-келіншектер! Біз өте сауатты болуымыз керек. Біз бала-шағамыздың денсаулығына жауаптымыз. Мұнда ауырғанша ауырмайтын жол ізде деп жатырмын
деп қорытындылады ойын Ләйлә Сұлтанқызы.
Бөлісу: Telegram WhatsApp