Атырау облысында полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған екі жасар баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға 4 маусым күні кешкі уақытта Исатай ауданының Тұщықұдық ауылы маңындағы теміржол өткелінде болған.
Қызмет барысында тұрған патрульдік полиция қызметкерлеріне Lada Granta көлігінің жүргізушісі жүгініп, екі жасар баланың трактордан құлап, басынан жарақат алғанын хабарлаған.
Жағдайдың күрделі екенін және уақыттың аса маңызды екенін ескерген тәртіп сақшылары арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосып, баланы әжесімен бірге аудандық ауруханаға жедел жеткізген.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бүлдіршін дер кезінде дәрігерлердің көмегіне қол жеткізді.
Атырау облысының полиция департаменті ата-аналар мен тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырып, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауды және қауіпті техника мен өндірістік нысандардың жанында қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)