Ақмолалық медицина қызметкерлері тоғыз күн бойы апаттан зардап шеккен 25 жастағы қыздың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «Аqmolapress»-ке сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, қызды құтқара алмады.
Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, қыз бас сүйегінің, бас сүйегінің негізінің және бет қаңқасының сынуы, сондай-ақ жабық бас жарақатын алған.
Науқас ұзақ уақыт бойы терең комада болып, жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен тыныс алды. Ол сыртқы тітіркендіргіштерге ешқандай реакция көрсетпеген.
Ақмолалық медицина қызметкерлері науқасты құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ ол 23 ақпан күні таңертең қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, Бурабайда квадроцикл мінген бойжеткен ағашқа соғылған болатын.
Оқиға салдарынан ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Әйел бас жарақатын алып, комаға түскен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Апаттан кейін аймақтық полиция барлық қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерді тексеруді бастады.
Бурабай курорттық аймағын қоса алғанда, демалыс аймақтарына ерекше назар аударылды.