Мазмұнға өту
qandastar.

Бурятияда жұмыс істейтін қазақстандықты қар басып, көз жұмды

Малика Хамит · · 1 147 қаралым
Бурятияда жұмыс істейтін қазақстандықты қар басып, көз жұмды

Сыртқы істер министрлігі Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық көз жұмғанын растады, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы оқиға 28 сәуір күні болған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан ү.ж. 28 сәуірде алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Бурятия Республикасының Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні салдарынан Қазақстан Республикасының азаматы А.Тицкийдің (1990 жылы туған) қаза тапқанын растайды
делінген мәлімдемеде.

Қолда бар мәліметке сәйкес, қар көшкіні астында алты адам қалған.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста.

Аталған мәселе Министрліктің бақылауында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp