Мазмұнға өту
qandastar.

Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды — Антикор

qandastar · · 294 қаралым
Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды — Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растады.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр
дейді Антикордан.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Үкімет басшысының кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы инсайдерлік ақпарат таратқан еді.

Осыған орай ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Ерлан Қожағапанов 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуір айына дейін Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол қазір Үкімет басшысының кеңесшісі деген ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген үндеуде.
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp