Мазмұнға өту
qandastar.

Бұрынғы министр Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолын» басқарады

Малика Хамит
Бұрынғы министр Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолын» басқарады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығы ауысты. Бұрынғы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы қабылдаған.

Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 24 қарашасына дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды.

Ал 2021-2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басқарушы директор болған.

Сондай-ақ әр жылдары көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда портында» басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Осылайша, Нағаспаев министрліктен кеткен соң бұрын өзі қызмет атқарған теміржол саласына қайта оралды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp