Ulysmedia коллажы
Депутаттардың жалақысына қанша қаржы жұмсалады? Журналистер қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлына осындай сұрақ қойды, деп жазады qandastar.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, мәжілісте 98, ал сенатта 50 депутат бар. Алайда бір палаталы парламентке көшкенде бұл сан азаюы мүмкін.
Айта кетері, биылғы жолдауда президент бір палаталы парламентті құру бастамасын көтерді.«Парламентте депутаттардан бөлек саяси қызметшілер, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер бар. Олардың бәрін қосқанда жалақыға кететін қаржының жалпы көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды», - деді Бейсенбекұлы.