Мазмұнға өту
qandastar.

Чикагода жоғалған Әсет Құралбайдың қайтыс болғаны расталды

Малика Хамит · · 119 қаралым
Чикагода жоғалған Әсет Құралбайдың қайтыс болғаны расталды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматының кім екенін анықтады.

Ведомство мәліметінше, АҚШ-тың құзыретті органдары жүргізген тексеру нәтижесінде марқұмның 24 жастағы Әсет Құралбай екені анықталған, деп хабарлайды

порталы.

Ол - Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты. Марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз
дейді министрлік.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар америкалық мекемелермен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.

Марқұмның туыстарына құжаттарды ресімдеу және денені Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті консулдық көмек көрсетіледі
деді сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Чикаго қаласында қазақстандық Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ 11 маусым күні Италияда тағы бір Қазақстан азаматының қаза тапқаны хабарланған. Оның мәйіті Бриатико жағалауындағы жартастар арасынан табылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp