Мазмұнға өту
qandastar.

Чикагода жоғалған қазақстандықтың көлігі табылды, өзі әлі жоқ

Малика Хамит · · 550 қаралым
Чикагода жоғалған қазақстандықтың көлігі табылды, өзі әлі жоқ

АҚШ-тың Чикаго қаласында тұратын Қазақстан азаматы Әсет Құралбаймен бірнеше күннен бері байланыс жоқ.

Оның жоғалғаны туралы ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды

порталы.

24 жастағы жігіт соңғы рет 2 маусым күні жақындарымен хабарласқан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны сөндірулі күйде болған. Туыстарының айтуынша, Әсеттің жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.

10 маусымда жергілікті полиция қызметкерлері жігітке тиесілі Toyota Camry көлігін тапқан. Алайда оның өзі әлі күнге дейін табылған жоқ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта америкалық құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың Чикагода жоғалып кеткені туралы сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен байланыста және болған оқиғаның барлық мән-жайлын анықтап жатыр
деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ министрлік мәліметінше, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы жоғалған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста.

Бөлісу: Telegram WhatsApp