Цифрлық платформалар істен шықса, мыңдаған азаматтың табысын кім қорғайды?
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Гүлзира Атабаева цифрлық платформалар арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа депутаттық сауал жолдады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Депутат цифрлық платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтары мен табысын қорғау мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ платформалар істен шыққан жағдайда мыңдаған азаматтың табысы мен әлеуметтік қорғалуы қалай қамтамасыз етілетіні жөнінде мәселе көтерді.
Депутаттық сауалдың толық мәтіні Құрылтайдың ресми Telegram-арнасында жарияланды.