Мазмұнға өту
qandastar.

Даниал Ахметовтың күйеу баласы "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымын иеленді

bahitzhanabzal · · 105 қаралым
Даниал Ахметовтың күйеу баласы "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымын иеленді

Фото: railways.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы бос лауазымын төраға міндетін уақытша атқарушы ретінде Ерлан Қойшыбаев иеленген, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ -қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы" бастығының орны әлі бос. Ресми тағайындау болған жоқ. Қойшыбаев бұл қызметті уақытша міндетін атқарушы ретінде ішкі тәртіпке сай иеленді –мысалы, егер басқарма төрағасы демалысқа шыққанда да, дәл солай Қойшыбаев оның орнына уақытша міндетін атқарушы болар еді", – деп мәлімдеген агенттік дереккөзі.

ҚТЖ бастығы міндетін уақытша атқарушы атанған Ерлан Қошыбаев – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы.

Бөлісу: Telegram WhatsApp