Мазмұнға өту
qandastar.

Дания Қазақстанмен экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейді

Бақытжан Мұса 141 қаралым
Ақорда
Ақорда

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Қазақстанды алдағы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, елдің осы кезеңде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті. Ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты нығайтып, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

– Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр, – деді Дания Сыртқы істер министрі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ларс Лёкке Расмуссен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, тараптар көлік-логистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp