Мазмұнға өту
qandastar.

Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

bahitzhanabzal · · 622 қаралым
Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Фото: скриншот 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 6 раундтан аспады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Алматыда ұйымдастырылған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаемды (23-4-2, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шықты, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы. Данияр қарсыласын 4-раундта нокдаунға түсірді. Жекпе-жек одан кейін жалғасқанмен, жаттықтырушылары кеңесе келе жұдырықтасуды тоқтатты. Данияр Елеусінов соңғы рет 2021 жылы ресми жекпе-жекке шыққан. Аргентиналық Хуан Эрнан Леальды жеңіп, IBO чемпиондық атағын иеленген еді. Одан кейін жекпе-жекке шықпады. 2023 жылдың желтоқсан айында "IBA Чемпиондар түні" кешінде жұдырықтасуға шыққан. Алайда ол жекпе-жек ресми кездесу болып саналған жоқ. Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бақ сынады. Алғаш рет бокс жекпе-жегіне шыққан ол Нұрберген Шәріповті жеңіп шықты.
Бөлісу: Telegram WhatsApp