Мазмұнға өту
qandastar.

Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс қолдану өлімге әкелетінін ескертті

bahitzhanabzal · · 371 қаралым
Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс қолдану өлімге әкелетінін ескертті

Дәрігерлер танымал дене қызуын төмендететін дәрінің қауіпті екенін ескерттi, деп хабарлайды Qandastar.kz El Pais басылымына сілтеме жасап.

Испанияның жедел медициналық көмек қоғамының дәрігерлері кез келген ауру кезінде, тіпті суық тиюде де, өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды.

Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс пайдаланудың бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін екенін, тіпті өлім қаупін арттыратынын да ескертті.

Мамандардың айтуынша, денсаулыққа қауіпті тағы бір дәрі – ибупрофен. Сонымен қатар, дәрігерлер соңғы кездері жастар арасында танымал болып кеткен потенцияны арттыруға арналған дәрілерді бақылаусыз қабылдаудан бас тартуды ұсынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp