Мазмұнға өту
qandastar.

Дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіргендерге қылмыстық іс қозғалмақ

bahitzhanabzal · · 197 қаралым
Дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіргендерге қылмыстық іс қозғалмақ

Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндердің қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қарастырылады, деп жазды qandastar.kz

Медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргендер 738 мың теңге айыппұл не 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы ықтимал. Тіпті 50 тәулікке қамау жазасы бар. Ал ақ халаттыларға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеретіндерге 11 миллион теңге айыппұл салынады. Бұдан басқа 800 сағат қоғамдық жұмыс және 3 жыл түрме жазасы көзделген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp