Мазмұнға өту
qandastar.

Дастан Сәтпаев "Челсиде" 36-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді

Бақытжан Мұса · · 76 қаралым
Дастан Сәтпаев "Челсиде" 36-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді

Дастан Сәтпаев "Челсидегі" алғашқы турында 36-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы жолдастық кездесулерде 36-нөмірлі жейдемен алаңға шығады.

18 жасқа толған соң, тамыз айында қазақстандық футболшы ресми түрде Лондонның "Челси" клубының сапына қосылады.

Оған дейін Сәтпаев "Қайрат" сапында жарқын ойын көрсетіп, Қазақстан премьер-лигасында нәтижелі өнерімен көзге түсті. Оның гол соғудағы жоғары көрсеткіші "Челси" скауттарының назарын аударып, ағылшын клубына ауысуына жол ашты.

Енді қазақстандық шабуылшы маусым алдындағы турнир барысында Англия премьер-лигасы деңгейіндегі мүмкіндігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

"Челси" сапында Сәтпаевқа 36-нөмірлі жейде берілді. Команда маусым алдындағы турда "Вестерн Сидней Уондерерс", "Тоттенхэм", "Ювентус", "Милан" және Малайзияның "Джохор Дарул Та'зим" клубтарына қарсы матчтар өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың "Челсидің" маусым алдындағы турға қатысатын құрамына енгені хабарланған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp