Фото: ашық дереккөз
Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы көпке іш киімін көрсетіп, мақтанған депутат Дәулет Мұқаевты сынап тастады, деп хабарлайды qandastar.kz
Көпшілікке халық қалаулысының бұл қылығы ұнамаған.
Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы Дәулет Мұқаевтың бұл әрекетін қатаң сынға алды. Ол:
«Депутат Дәулет мәйкі, іш киім мен нәскилерін қалай жинайтынын қалың көпшілікке көрсетіп, мақтаныпты) Енді қайтсін, басқа несімен мақтанады. Депутаттық этика қайда», — деп жазды желідегі ресми парақшасында.
Желі қолданушылары да Мұқаевтың бұл әрекетіне ашулы. Олар түрлі сыни пікірлерін желіде жарыса жазып жатыр.