Мазмұнға өту
qandastar.

Дебютант құрамадан тосын нәтиже: Кабо-Верде Испанияны әбігерге салды

Малика Хамит · · 92 қаралым
Дебютант құрамадан тосын нәтиже: Кабо-Верде Испанияны әбігерге салды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алғашқы ірі сенсация тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ойынға тұңғыш рет қатысып отырған Кабо-Верде құрамасы Н тобындағы алғашқы кездесуінде Испаниямен 0:0 есебімен тең түсті.

Атлантадағы матчта испандар ойын тізгінін толық өз қолында ұстады.

Ламин Ямал, Педри, Гави, Марк Кукурелья және Ферран Торрес бастаған жұлдызды құрам қарсылас қақпасына жиі қауіп төндіргенімен, есеп аша алмады.

Кездесудің басты кейіпкері Кабо-Верде қақпашысы Возинья болды.

40 жастағы тәжірибелі голкипер бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан аман алып қалды.

Осылайша, әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алған Кабо-Верде турнирдегі дебюттік матчында фавориттердің бірімен тең түсіп, жанкүйерлерді таңғалдырды.

Ал Испания күтпеген нәтижеден кейін топтағы келесі ойындарға барынша жауапкершілікпен дайындалуға мәжбүр болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp