Мазмұнға өту
qandastar.

Демалысқа аттанған ата-ана баласын әуежайда қалдырып кеткен

bahitzhanabzal · · 100 қаралым
Демалысқа аттанған ата-ана баласын әуежайда қалдырып кеткен

Сурет: oxu.az

Ата-анасы мерзімі өткен төлқұжат үшін 10 жастағы баласын әуежайда қалдырып, демалуға кетіп қалған, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға Испанияның Барселона қаласындағы Эль-Прат халықаралық әуежайында болған. Туристер отбасы тексеру кезінде балаларының төлқұжатының мерзімі өтіп кеткенін анықтаған. Ұшаққа отыруға рұқсат берілмегеніне қарамастан, ата-анасы жоспарынан бас тартпаған – олар ұлын әуежайда туыстарын күтуге қалдырып, өздері рейспен ұшып кеткен.

Кішкентай баланы әуежай қызметкерлері байқап қалып, полицияға хабарлаған. "Ол полицияға ата-анасы отанына ұшып кеткенін айтты
деп жазды әуе диспетчері әлеуметтік желіде.

Полиция саяхатшыларды тауып, ұлымен бірге бөлімшеге жеткізген. Ерлі-зайыптының қамауға алынғаны жайлы ақпарат нақтыланбаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp