Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Алматыда 50-ге таяған шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды. Күдікті ретінде бірге тұратын көңілдесі қамауға алынған. Алайда марқұмның қызы әкесінің ауырып бақилық болғанын айтады. Ал денесін бөлшектеп өртелгенін, отағасы көзі тірісінде өзі сұрапты-мыс. Яғни марқұм ұстанған діннің жоралғысы сондай дейді туыстары. Бұл туралы
арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жантүршігерлік оқиға қаланың төртінші шағын ауданында болды. Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен ер адамның бөлшектелген денесі табылған. Мәйіт табылған пәтерге алғаш болып полицейлермен бірге куә ретінде Нұрлан Жапарқұлов та кіріпті. Балталанған 50 жастағы марқұмның денесі әлі көз алдында.
Балтамен шауып тастаған. Ваннаға бөлшектеп-бөлшектеп кіргізіп, жатқызып қойған. Бөлшектеп тастағаннан кейін үстінен от жаққан. Қарайып кеткен ғой, тырнақтары. Бір-екі саусағы күйіп кеткен, қап қара болып. Әр жерінен жаққан. Қолының үстіне қағаз жаққан ба, әйтеуір өртеген
Өзін марқұмның қызымын деп таныстырған келіншек әкесінің дерттен қайтыс болғанын айтады. Бірақ немен ауырғанын айта алмады.
Әкемді ешкім өлтірмеді. Ауырып ажал құшты. Ол скандинавтық дінге сенетін. Тірі кезінде, бізге «өлгеннен кейін денесін бөлшектеп, өртеп жіберіңдер» деп ылғи айтатын. Скандинавтық жерлеу рәсімі бойынша, мәйітті қайыққа салып суға жібереді. Артынан жанып тұрған жебені садақпен атып, мәйітті өртейді
Марқұм Ресейде туып өскен екен. Кейін Қазақстанға келіп, отбасын құрып, балалы-шағалы болыпты. Екі қызы бар. Тағы бір қызды асырап алған деседі.
Әкем жерлеу рәсімін жүргізуді өгей қызына тапсырған. Өйткені ол эмоционалды, физикалық тұрғыдан арамыздағы ең мықтысы болатын. Әкемізді аман алып қала алмағасын, денесін сыртқа шығара алмайтынын түсініп, пәтердің ішіндегі ваннада өртейтін болып шештік
Алайда сол маңдағы тұрғындар қылмыстың қызғаныштан болғанына сенімді. Өйткені асыранды деген 20-ның төңірегіндегі қыз марқұмның көңілдесі болуы мүмкін екен.
Ал тәртіп сақшылары бір адамның ғана қамалғанын жеткізді. Әйелі ма, көңілдесі ме, әлде өгей қызы ма, белгісіз.
Әуезов ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайы анықталып жатыр
Марқұм шамамен осыдан бес күн бұрын қайтыс болған екен. Сол уақыт бойы боршаланған денесі ваннада жатыпты. Кісі қолынан қаза тапты ма, әлде демі дерттен үзілді ме, бұл сұрақтың жауабы сараптамадан кейін белгілі болмақ.