Фото: Стан.кз
Алаяқтарға алданғандардың несиесі есептен шығарылуы керек екенін айтты Мәжіліс депутаты, - деп жазады qandastar.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов депутаттық сауалында осылай деді. Бұған қоса, ол Үкіметтен банктердің алаяқтарға заңсыз несие рәсімдеуге қатысы бар-жоғын анықтауды ұсынды. Әрі азаматтардың мойнына жүктелген қарызды банктердің өз есебінен төлеуді міндеттеуді сұрады.
Айта кетейік, өткен жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалды қараған еді. ҚНРДА банктен қарыз және микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды қамтитын түзетулерді әзірледі.
№ДС-148 депутаттық сауалы Мәжіліс сайтында 2023 жылдың 10 мамырында
.
Бүгінгі таңда цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданғаны атап өтіледі.