Мазмұнға өту
qandastar.

Депутат бюджетті айыппұлмен толтыруға қарсы шықты

bahitzhanabzal · · 259 қаралым
Депутат бюджетті айыппұлмен толтыруға қарсы шықты

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов  жол қауіпсіздігін «Сергек» камерасымен шешуге  қарсы, деп жазады qandastar.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат бюджетті тек айыппұл арқылы толықтыру қате ұғым екенін атап өтті.

Халықтың қаражаты арқылы қазынаны толтырамыз деген түсініктен арылуымыз керек
деді депутат.

Талғат Қаржауовтың айтуынша, бейнебақылау камераларын көбейтсе де жол апаттарының көрсеткіші жақсармаған.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы жол апатынан, аса ауыр жарақаттар мен өлім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp