Мазмұнға өту
qandastar.

Депутат дәрігерлердің мәртебесін арттыру мәселесін көтерді

tursynhan 97 қаралым
фото: Құрылтай
фото: Құрылтай

Депутат Дана Медеуова дәрігерлердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби және әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Дәрігерлердің еңбек жағдайы көрсетілетін медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді. Мамандықтың беделін арттыру, лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту дәрігерлерге басты міндеті – пациенттердің денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлерін қолдау жекелеген мамандыққа артықшылық беруді емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесін нығайтуды көздейді. Бұл ретте білікті кадрларды жүйеде ұстап қалу, дәрігерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету маңызды.

Дәрігерлер үшін тұрақты әрі қолайлы еңбек жағдайы қалыптасқан сайын, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік те көбейеді. Сондықтан дәрігер мәртебесін көтеру мәселесі тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, пациенттер мен жалпы қоғамға да қатысты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp