Мазмұнға өту
qandastar.

Депутат мұғалімдердің жалақысын көтеру қажеттігін айтты

bahitzhanabzal · · 695 қаралым
Депутат мұғалімдердің жалақысын көтеру қажеттігін айтты

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Депутат бұл мәселені Үкімет басшысына жолдаған сауалында көтерді, деп жазды

Техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін ұлғайту қажет. Оқу шеберханаларын заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықтау өзекті
деп айтты депутат.

Айтуынша, жұмысшы мамандықтарын даярлауға зор үлес қосып жүрген өндіріс шеберлерінің айлық жалақысын өсіру қажет.

Колледждерде жалпы білім беретін пәндердің педагогтерінің жалақысын мектептегі педагогтердің жалақысымен теңестіру өзекті. Сонымен қатар, колледждерде еңбек ететін педагогтарға магистр, PhD ғылыми атақтары үшін үстеме ақы қарастыру қажет
деп ұсынды Жұлдыз Сүлейменова.
Бөлісу: Telegram WhatsApp