Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Анкарада өткен концертте түркі мемлекеттерінің басшылары мен мәртебелі қонақтардың назарын аударды. Өнер иесінің өнер көрсетуін президенттер ерекше ықыласпен тамашалады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Концерт барысында түркі мемлекеттерінің көшбасшылары Димаштың орындаушылық шеберлігіне тәнті болып, оның өнерін жоғары бағалады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та отандасының өнер көрсетуін мақтанышпен тамашалады.
Концерт аяқталғаннан кейін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Димаш Құдайбергенге арнайы барып, өнері үшін алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Бұл кездесу қазақстандық әншінің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын және түркі әлеміндегі мәдени байланыстарды нығайтудағы өнердің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.