Мазмұнға өту
qandastar.

Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жеңісіне нокаутпен қол жеткізді

Бақытжан Мұса · · 660 қаралым
Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жеңісіне нокаутпен қол жеткізді

Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін спортшы Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте бразилиялық Бруно Лопесті нокаутпен жеңді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы UFS Eurasia сайтына сілтеп хабарлады.

Үш раундқа жоспарланған кездесу толық өтпеді. Нұрғожай бірінші раундтың соңғы секундтарында қарсыласына дәл соққы жасап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл — қазақстандық спортшының UFC ұйымындағы екінші жеңісі. Кездесу Лас-Вегастағы Apex аренасында ұйымдастырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp