Қазақстанда PhD докторанттардың шәкіртақысы алдағы жылдары тағы да көбейеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
2029 жылға қарай оның мөлшерін 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайда мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір докторанттар ай сайын 260 мың теңге стипендия алады. Соңғы бес жылда оның көлемі екі есе өскен. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
Сондай-ақ министр жас ғалымдарды баспанамен қамту мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, соңғы үш жылда 813 жас ғалым баспаналы болған.
Айта кетейік, қазіргі таңда докторанттарға ресми түрде жұмыс істеуге де рұқсат етілген.