Мазмұнға өту
qandastar.

Допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлы боксшылар комиссиялары қауымдастығынан шеттетілді

bahitzhanabzal · · 169 қаралым
Допинг дауынан соң Жәнібек Әлімханұлы боксшылар комиссиялары қауымдастығынан шеттетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының Boxrec.com порталындағы профилінде Боксшылар комиссиялары қауымдастығы спортшыны белгісіз мерзімге шеттеткені жазылған, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл шешім Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты болып отыр. Бұл даудың салдарынан оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF және WBA титулдары үшін болатын жекпе-жектері кейінге шегерілген. Бұл оқиғадан соң кубалық Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жекпе-жекке шығып, ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp