Ресей 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайының Германияға жеткізілуін тоқтатуы мүмкін.
Әңгіме «Дружба» мұнай құбыры арқылы жүзеге асатын транзит туралы болып отыр, деп жазады
порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, мәселе қазір талқылану үстінде. Алайда әзірге Мәскеу де, Астана да ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Транзиттің не себепті тоқтатылуы мүмкін екені де нақты айтылмаған.
Бұған дейін «ҚазТрансОйл» компаниясы 2026 жылдың алғашқы үш айында Германияға 730 мың тонна мұнай жөнелтілгенін мәлімдеген еді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе көп көрсеткіш.
Қазақстан биыл Германияға мұнай экспортын 2,5 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаған. Бірақ Reuters есебінше, 1 мамырға дейін небәрі 940 мың тонна ғана тасымалданып үлгеруі мүмкін.
Ресей Энергетика министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәселеден хабары жоқ екенін айтты.
Біз мұны тексеруге тырысамыз
Сарапшылардың пікірінше, егер транзит расымен тоқтатылса, бұл Қазақстанның Еуропа нарығына мұнай жеткізу жоспарына әсер етуі мүмкін.