Мазмұнға өту
qandastar.

ДСМ маңызды хабарламаны бөлісті

bahitzhanabzal · · 553 қаралым
ДСМ маңызды хабарламаны бөлісті
Фото: ашық дереккөз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін азаматтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды qandastar.kz
Хабарламаны ведомство 2025 жылдың 17 қаңтарында өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі",- делінген ақпаратта.

Қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болады?

Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда көмекке жүгінуге болатындығын айтты.

  • фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне
  • ️ жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
  • ️ жедел жәрдем шақырыңыз
Егер мен шұғыл емханаға немесе ауруханаға барсам, мені зерттеп-қарап, емдей ме?
"Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Егер азамат шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрса, ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады.
"Сондай-ақ, "туберкулез" диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетіледі",- деп еске салды министрлік.
Бөлісу: Telegram WhatsApp