Мазмұнға өту
qandastar.

«Дүниеде мен сүйетін бір адам бар»: Қазақ әні желі қолданушыларын тәнті етті

Бақытжан Мұса
Видеодан скрин
Видеодан скрин

Қазақтың классикалық әнін жанды дауыста орындаған өнерпаздардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бейнежазбада өнерпаздардың бірі фортепианода әуен сүйемелдеп отырса, жанындағы әнші қыз «Дүниеде мен сүйетін бір адам бар» деп басталатын лирикалық әнді әсерлі дауыспен орындайды.

Сонымен қатар видеода ән мәтіні жазылған кітапша мен шығарманың қолжазба түріндегі ноталары көрсетілген. Бұл көріністер қазақтың музыкалық мұрасына деген құрметті аңғартады.

Өнерпаздардың үйлесімді орындауы мен әннің сыршыл әуені көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бейнежазба ұлттық өнердің құндылығын тағы бір мәрте еске салып, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp