Мазмұнға өту
qandastar.

Джей Лоның концертінде шу шығарған әйелдің күйеуі дауға ілікті

bahitzhanabzal · · 717 қаралым
Джей Лоның концертінде шу шығарған әйелдің күйеуі дауға ілікті

Журналист Михаил Козачков  Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтың қатысуымен күмәнді оқиға орын алғанын хабарлады, деп жазады Qandastar.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, полковник екі танысымен бірге кешкі уақытта мейрамханада болған. Одан кейін олар Астанадағы Мәңгілік ел даңғылының маңына барған, сол жерде ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға салдарынан 49 жастағы Медеу Асылбекұлы дене жарақаттарын алып, полицияға шағымданған. Кейін ол ауруханаға жеткізілген. Зардап шегуші соққыны полковник Қожахметовтан алғанын көрсеткен
деп жазды Козачков.

Айта кетейік, Думан Қожахметовтың есімі алғаш рет жаңалықтарға шығып отырған жоқ. Биыл тамыз айында оның жұбайы Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде дау шығарып, полицейлер әйелді залдан арқалап шығарған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp