Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Джеки Чанды қарсы алғаны әлеуметтік желіде талқыланып, оған айтылған сынға өңір басшысы өзі жауап берді, деп хабарлайды
порталы.
Жақында әлемге танымал актер Джеки Чан Маңғыстауға барған. Қонақты облыс әкімі жеке өзі қарсы алып, құрмет көрсеткен. Алайда бұл әрекет желі қолданушыларының бір бөлігінің көңілінен шықпай, түрлі пікірге себеп болған.
Сынға қалған әкім өз ұстанымын түсіндірді. Оның сөзінше, Маңғыстаудың туристік әлеуетін арттыруға, өңірге инвестиция тартуға немесе облысты халықаралық деңгейде танытуға үлес қосатын кез келген адамға құрмет көрсету - қалыпты нәрсе.
Тіпті ойын әдеттен тыс мысалмен жеткізді.
Маған салса, Маңғыстауды дамытатын, экономикасына оң ықпалын тигізетін, Маңғыстауды әлем аренасында көрсететін адамдардың иттері келсе де, иттерін де күтіп алып...
Әкім әлеуметтік желідегі пікірлерге алаңдамайтынын да аңғартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от MANGYSTAU MEDIA (@mangystau.media)
Нұрдәулет Қилыбай бұған дейін де айтқан кейбір сөздерімен желіде қызу талқыға түскен. Бұл жолы да оның жауабы назардан тыс қалмады.
Әсіресе «иттері келсе де қарсы аламын» деген сөзі қолданушылар арасында қайтадан пікірталас туғызды. Бірі әкімнің сөзін әзіл әрі нақты ұстаным деп қабылдаса, енді бірі мемлекеттік қызметкерге мұндай сөйлеу мәнері жараса ма деген сұрақ қойды.
Ал әкімнің позициясы біреу: Маңғыстаудың дамуына пайдасы тиетін адамдарды қарсы алудан тартынбайды.