Фото: ашық дереккөз
Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылатыны белгілі болды, деп жазды qandastar.kz
Билеттер 11 сәуірде сағат 11:00-де сатыла бастайды.
Бір адамға ары кетсе, төрт билет қана сатылады.
Билет бағасы - 40 - 150 мың теңге арасында болады.
Ал сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеден болады.
Концерт билеттері Freedom Ticketon сайтында сатылады.
Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопес 1 тамызда Астанада концерт береді.