Мазмұнға өту
qandastar.

Эфиопия Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Бақытжан Мұса · · 19 қаралым
Эфиопия Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасындағы Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.

Кездесу барысында ол Қазақстан мен Эфиопия арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Абий Ахмед Эфиопия да халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған реформаларды жүзеге асырып жатқанын айтты. Осы ретте Қазақстан секілді достас елдердің тәжірибесіне сүйенуге мүдделі екенін жеткізді.

Эфиопия Үкіметінің басшысы Қазақстанның Аддис-Абебада елшілігі жұмыс істейтінін атап өтіп, Эфиопияның да Қазақстанда дипломатиялық өкілдік ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

«Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз», – деді Абий Ахмед.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp