Мазмұнға өту
qandastar.

Егін науқаны қызған шақта: Түркістанда тыңайтқыш тапшылығы тағы қайталанды

Малика Хамит · · 381 қаралым
Егін науқаны қызған шақта: Түркістанда тыңайтқыш тапшылығы тағы қайталанды

Түркістан облысында диқандар жеңілдетілген бағамен берілуі тиіс тыңайтқыштардың уақытында жеткізілмеу мәселесін тағы көтерді.

Шаруалардың айтуынша, бұл түйткіл жыл сайын қайталанғанымен, нақты шешімін таппай келеді, деп хабарлайды

порталы.

Шаруалар жан-айқайын әлеуметтік желіде жазуға мәжбүр.

Егін жұмыстарының ең жауапты кезеңінде көптеген шаруалар қажетті тыңайтқышқа қол жеткізе алмай отырғандарын айтады.

Ал ресми жеткізілімдер кешіккен тұста нарықта дәл сол өнімдердің қымбат бағамен сатылуы диқандардың наразылығын күшейткен.

«Мемлекеттік қолдау шынымен шаруаға жетіп жатыр ма, әлде делдалдардың қалтасын қампайтудың құралына айналды ма?» деген сауалдар ауыл тұрғындары арасында жиі айтылуда.

Шаруалар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен жауапты сала басшыларынан мәселенің нақты себебін түсіндіріп, шұғыл шешім қабылдауды талап етеді.

Олардың пікірінше, тыңайтқыш тапшылығы алдын ала болжанып, қажетті қор дер кезінде дайындалуы тиіс еді.

Диқандарға уәде емес, нәтиже керек. Әр маусым сайын қайталанатын мәселе жауапты органдардың жұмысына қатысты сұрақтарды көбейтуде
дейді шаруалар.

Биыл ауа райының қолайсыздығы мен өндірістік шығындардың өсуі шаруалардың жағдайын одан әрі күрделендірген. Осындай кезеңде мемлекеттік қолдау кешігіп жетсе, ауыл шаруашылығы саласының тиімді дамуы туралы айту қиын екені атап өтілуде.

Қазіргі таңда диқандар жауапты мекемелерден нақты түсініктеме мен пәрменді әрекет күтуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp