Мазмұнға өту
qandastar.

Егіс егілмей қалған: Қарағандыда 300 млн теңге несиеге қатысты шу шықты

Малика Хамит · · 11 қаралым
Егіс егілмей қалған: Қарағандыда 300 млн теңге несиеге қатысты шу шықты

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 300 млн теңге несие қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2025 жылдың мамырында «Рашан» ЖШС «Аграрлық несие корпорациясынан» айналым қаражатын толықтыру үшін 300 млн теңге алған. Несие бойынша «Даму» қоры кепілдік берген.

Компания кейін ақшаны егіс науқанына қажетті шығындарға жұмсау үшін басқа екі ЖШС-ге аударған. Оның ішінде шамамен 148 млн теңге тұқым сатып алуға, ал 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, жанар-жағармай мен жұмысшылардың еңбекақысына бағытталған.

Алайда тексеру барысында көрсетілген жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталған. Тұқым сатып алынбаған, техника жалға алынбаған, ал аталған жер телімдеріне егін егілмеген.

Осы іске байланысты «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Сот санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp