Мазмұнға өту
qandastar.

eGov Mobile арқылы отбасының әл-ауқатын бағалауға болады

Бақытжан Мұса 46 қаралым
Фото с сайта eGov
Фото с сайта eGov

eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға отбасының әл-ауқатын бағалауға мүмкіндік беретін жаңа сервис пайда болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл құрал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылған. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жаңа сервис арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, өз отбасының әлеуметтік жағдайын алдын ала анықтай алады.

Бағалау кезінде отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы құрамы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы сияқты әлеуметтік факторлар да ескеріледі.

Министрліктің хабарлауынша, есептеу алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткішке негізделген.

Сервис нәтижесі мемлекеттік көмек тағайындауға тікелей әсер ете ме?

Ведомствоның түсіндіруінше, есептеу азаматтың өзі енгізген мәліметтер негізінде жүргізіледі және тек ақпараттық сипатқа ие. Сондықтан калькулятордың нәтижесі әлеуметтік төлем тағайындау немесе оны тоқтату туралы шешім болып саналмайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp