Мазмұнға өту
qandastar.

Екі аптадан бері хабарсыз: полиция 47 жастағы әйелді іздеп жатыр

Малика Хамит · · 38 қаралым
Екі аптадан бері хабарсыз: полиция 47 жастағы әйелді іздеп жатыр

Көкшетауда екі аптадан бері хабар-ошарсыз кеткен әйелді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полицейлер тұрғындардан 1978 жылы туған Марал Әбуованың жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды

порталы.

Полицияның мәліметінше, әйел 12 маусым күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Содан бері ол туыстарымен де байланысқа шықпаған. Үйде оны жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы күтіп отыр.

Құқық қорғау органдары із-түзсіз кеткен адамды табу үшін кешенді іздестіру шараларын жүргізуде.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, туыстары мен таныстарынан жауап алынған, сондай-ақ келіп түскен барлық ақпарат тексерілуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелге ұқсас адам Бурабай курорттық аймағында байқалған болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция өңір тұрғындары мен демалушыларды мұқият болуға шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aqmola_pd
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp