Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар А.Ахметов пен Ә.Мағауия туралы түрлі ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қорғаныс министрлігі олардың қазіргі жағдайына қатысты түсініктеме берді.
Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда оқу міндеттерін орындаған. Сол әскери қызметшілердің қатарында матростар Ахметов мен Мағауия да болған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта екі әскери қызметші де әскери бөлімнің орналасқан жерінде. Олар белгіленген күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін жалғастырып жатыр.
Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және әскери қызметшілерге қатысты ақпаратты тек Қорғаныс министрлігінің ресми дереккөздерінен алуға шақырды.