Екібастұз қаласында көші-қон полициясының қызметкерлері «Проммашкомплект» кәсіпорнының жұмысшыларымен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара ашық форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға көші-қон заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесу барысында ел аумағында болу ережелері, шетел азаматтарының құжаттарын рәсімдеу тәртібі және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы уақытша немесе тұрақты тұруға ықтиярхат алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ 16 жасқа толған азаматтардың жеке куәлік алу тәртібі мен құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңызы айтылды.
Мамандар Migration.kz платформасының мүмкіндіктерін де таныстырып, азаматтық алу үшін қажетті тестілеуге дайындалу жолдарын түсіндірді. Бұдан бөлек, азаматтық алу және отбасын біріктіру рәсімдеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді.
Кәсіпорын қызметкерлері көші-қон полициясының өкілдеріне сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды. Кездесу соңында құжаттарды дұрыс рәсімдеу және заң талаптарын сақтау ел аумағында заңды әрі тұрақты өмір сүрудің негізгі шарты екені атап өтілді.
Толығырақ: polisia.kz.