Мазмұнға өту
qandastar.

Екібастұзда жүк вагоны теміржол қызметкерін басып кетті

Малика Хамит
Екібастұзда жүк вагоны теміржол қызметкерін басып кетті

Екібастұз қаласында теміржол станциясының қызметкері жүк вагонының астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қайғылы оқиға 10 қарашада болған.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм станцияда пойыз қозғалысының жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген.

Көліктегі полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалыс немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы жағдайдың нақты қалай болғанын, оған не себеп болғанын анықтап жатыр.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp