Мазмұнға өту
qandastar.

Екібастұздағы электр станциясында жұмысшы көз жұмды

Малика Хамит
Екібастұздағы электр станциясында жұмысшы көз жұмды

Екібастұздағы ірі электр станцияларының бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында мердігер мекеме қызметкері көз жұмды.

Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы мәліметінше, оқиға 19 қарашада болған. Қазір жұмысшының өліміне себеп болған жағдайларды анықтау үшін арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp