Мазмұнға өту
qandastar.

Екінші АЭС қайда салынады? — Алмасадам Сәтқалиев жауап берді

bahitzhanabzal · · 209 қаралым
Екінші АЭС қайда салынады? — Алмасадам Сәтқалиев жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін орын ретінде Курчатов қаласы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды

.

Аумақ ретінде Курчатов қаласы перспективті орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде комиссия нақты шешім қабылдайды
деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp