Мазмұнға өту
qandastar.

Екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқитын болды

bahitzhanabzal · · 638 қаралым
Екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқитын болды

Фото: ашық дереккөз

Астанада аязға байланысты екінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары қашықтан оқытуға ауысты, - деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждің 1-2-курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқыту форматына ауысады
делінген хабарламада.

Еске салайық, Астанада аяқ асты күн қатты суытып кетті. Офлайн сабақтар екінші күннен бері өтпей жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp