Мазмұнға өту
qandastar.

Экс-депутат адам қағып кетті деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Малика Хамит · · 425 қаралым
Экс-депутат адам қағып кетті деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Жамбыл облысында болған жол апаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Себебі оқиғаға экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігі жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен азамат ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Желіде көлікті Бақытжан Базарбек басқарған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда полиция әзірге жүргізушінің нақты кім екенін жариялаған жоқ. Ресми мәліметте ол тек «Б. есімді азамат» деп көрсетілген.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Яғни әзірге Бақытжан Базарбектің бұл жол апатына қатысы бары ресми түрде расталған жоқ.

Нақты ақпарат тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp