Мазмұнға өту
qandastar.

Экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

bahitzhanabzal · · 222 қаралым
Экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

Фото:скрин

Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың қамауға алынуына байланысты полиция департаменті қылмыстық істің тергеуіне қатысты мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан елшілігінің экс-кеңесшісіне қатысты өткен жылы жұбайына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Полиция жедел-тергеу тобын құрды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет сараптамалар жүргізілді. Айғақтар жинақталып, бекітілді," – деп мәлімдеді департамент.

Тергеуден кейін сот күдіктіні қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін

Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері

аған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp