Мазмұнға өту
qandastar.

Экс-министр Ерлан Нысанбаев Үкіметте жаңа қызметке кірісті

Малика Хамит · · 17 қаралым
Экс-министр Ерлан Нысанбаев Үкіметте жаңа қызметке кірісті

Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрлігін 2023 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 28 тамызға дейін басқарды. Үкіметтің жаңартылған құрамында бұл қызметке Әлібек Қуантыров келді.

Ерлан Нысанбаев кім?

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысы Ұйғыр ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша, кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ұйғыр орман шаруашылығында шебер болып бастаған. Кейін түрлі коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2009-2013 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін басқарды. Одан кейін қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар салаларында вице-министр болып жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болды. 2023 жылдың наурызында Астана әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалып, сол жылдың қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрі атанды.

Енді Ерлан Нысанбаев премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі ретінде жұмыс істейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp