Мазмұнға өту
qandastar.

Елдегі бай бизнесмендер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлайтынын білмей басы қатуда

bahitzhanabzal · · 368 қаралым
Елдегі бай бизнесмендер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлайтынын білмей басы қатуда

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парижде алтын алған Елдос Сметовке көлік сыйламақ, - деп хабарлайды qandastar.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін кәсіпкерлер Сметов Токиодан қола алып келгенде де темір тұлпар мінгізген. Сол уақытта Жұмабек Жанықұлов кілтті табыстап тұрып: «сенің қолаң бізге алтыннан қымбат» деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде, Елдос та жігерленіп: «Париждің алтынын алып келемін», - деп уәде беріпті. Елдос уәдесінде тұрды.

Енді кәсіпкерлер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлатынын білмей басымыз қатып отыр дейді: «Алматыға барамыз. Елдостың келетінін білеміз. Елдостың маңдайына қандай көлік жазылып тұрғанын көреміз», - деді Жанықұлов.

Ал Руслан Берденов көлік салондарын ұсыныспен шығуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp